21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Әйелдердің жамағат болып намаз оқуының үкімі қандай?

Әйелдердің жамағат болып намаз оқуының үкімі қандай?

Намаз

Сұрақ: Әйелдердің жамағат болып намаз оқуының үкімі қандай?

Жауап: Әйелдердің жамағат болып намаз оқуы «мәкруһ тахримге» жатады (Роддул Мухтар, Һидая, Бәдәиғ әс-Санаиғ фии тәртиби әш-Шәрәиғ).

Себебі әйелдер жамағат болып намаз оқыса екі рұқсат етілмеген нәрсе орындалады. Біреуі алға шығуы – мәкрух тахриман , алға шықпай ортасында тұрып оқуы тағы да мәкруһ тахриман, өйткені имамның алға шығуы жамағат намазында уәжіп, оларға имам болған әйелдің алға шықпай жамағат болып оқулары қалай мәкруһ болса, араларынан біреуінің алға шығып имам болуы дәл сондай мәкруһ.

Егер намаз осылай оқылып қойса, дұрыстығын жоғалтпайды. Сондай ақ ер адамның үйде немесе басқа жерде әйелдерді жинап, оларға имам болуы мәкруһ тахримге жатады. Себебі бөтен әйелдер оған махрам емес. Егер араларында махрамдары болса, онда жәйіз (Әл-Бахр әр-Ройқ, 1 том, 373 бет).

Мәзхабымыздың кейбір Мулла Али әл Қори, Ләкнәуи сынды имамдары әйелдердің жамағаты мәкруһ тәнзиһан деген, бірақ бұл негізгі пәтуа емес, негізгі пәтуа – мәкруһ тахриман (Ғибадат тұтқасы,147-бет). Сондай ақ ер адамның әйелге ұюына болмайды. Оған Алла Елшісінің (с.ғ.с) Әйелдеріңді артқа қойыңдар», - деген хадисі дәлел бола алады (Әл-Һидая, Имам Марғинани, 1- том, 262-бет).

Әйелдердің жамағат болып намаз оқуы тек бір жағдайда ғана мәкруһ емес. Егер де адам қайтыс болып және оған жаназа намаз оқитын ерлер болмағанда, әйелдер жамағат болып жаназа намазын оқи алады. Себебі жаназа намазының үкімі – парыз кифая. 

материал «Нәзік жанның намазы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: