11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қиямда әйел адам қолын қай тұсқа байлайды?

Қиямда әйел адам қолын қай тұсқа байлайды?

Намаз

Оң қолды сол қолдың үстіне қойып, көкірек тұсына байлайды.

Ғұлама Абдуль Хай Ләкнауи былай деп жазады: «Ал әйелдің намазына келсек, әйел адам қиямда тұрғанда қолдарын кеудесіне қою сүннет екендігіне фақиһтар бірауыздан келіскен». Бұл мәселеге қатысты ижмағ бар. 

Қиямда не үшін қолымызды кеуденің үстіне қоямыз? Себебі, осы көрініс біздің назар аудартпай, жинақы қалыпта болуымызға мүмкіндік береді. Дәл сол секілді намаздан тыс та көкірек тұсқа жаулықтарыңызды түсіріп қойғандарыңыз жөн. Орамалды тек мойынға тағып кеудесі байқалған күйде жүру дін ұстанған қыз баласына жараспайды, әрі сырт көзге де оғаш көрінеді.

Жасырын болу тек қимыл-әрекетпен болмайды, егер сіз жалпыға ортақ (ер-әйел) парақша не канал жүргізсеңіз, өзіңіз барынша жасырын болыңыз. Сіздің кім екеніңізді ешкім білмеуі қажет. Әйел жасырын болған сайын мақтаулы бола түседі. Тіпті ислам тарихында әйел ғалымдар туралы аз ғана мәлімет жетуінің де бірден бір себебі осы болса керек.

Әйел адамдар ер адамдар секілді түзде емес, көбінесе үйде болады, әрі намаздарын да барынша үйде оқуға тырысады. Сонда да барынша жасырынатын, сыртқа әуреті байқалмайтын қимылдармен намаз оқу қажет екен. Ал енді осыдан соң сіз намаздан тыс кездегі, көшеге шыққандағы жасырынуымыз қалай болу қажеттігін ойлай беріңіз... Сырттағы хәлімізде де барынша жасырынуға жақын болған көріністе болайық, құрметті әпке-сіңлілерім...

материал «Нәзік жанның намазы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: