11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаз ішіндегі әйелді ерден ерекшелейтін орындар

Намаз ішіндегі әйелді ерден ерекшелейтін орындар

Намаз

Сұрақ: Намаздың ішінде әйелді ерден ерекшелейтін орындар бар ма?

Жауап: Иә, бар. 14 жерде ерекшеленеді. Олар төмендегідей:

1. Қиямда екі қолын кеудесінің үстіне қояды;

2. Тәкбір алғанда білегін жеңінен шығармайды;

3. Тәкбір алғанда қолын екі иық деңгейінде ғана көтереді;

4. Рукуғте саусақтарының арасын ашпайды;

5. Рукуғте тізесін сәл ғана бүгу жеткілікті;

6. Рукуғте шынтақтарын екі жанынан жабыстыра ұстайды;

7. Сәждеде ішін санына тигізеді;

8. Әрбір отырыста мутауәрик күйде отырады: яғни сол жанбасқа отырып, екі аяғын оң жағына шығарады. Оң жақ балтырын сол жақ балтырының үстіне жіберіп жамбастай жерге отырады.

9. Сәждеде шынтағын жерге тигізеді;

10. Ерлерге имамдыққа шыға алмайды;

11. Тек әйелдер жамағаты болып намаз оқулары мәкруһ таһриман;

12. Егер тек әйелдер жамағаты болып оқитын болса, имамдыққа шыққан әйел ортасында тұрады;

13. Дауыс шығару міндет жерлерде дауыс шығармайды;

14. Әйелдің хаққысында таңды жарық түскенде оқуы мустахаб емес. Бәлки, таң намазын жерге жарық түспей оқығандары абзал, себебі ол жасырынуға жақын.

материал «Нәзік жанның намазы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: