04
Сейсенбі,
Ақпан

һижри

Азан мен тәкбір арасында қанша уақыт бар?

Азан мен тәкбір арасында қанша уақыт бар?

Намаз

Абдулла ибн Мағфал әл-Музаний риуаят етті:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Әрбір азан мен тәкбір арасындағы уақытта қалаған кісі бір рет намаз оқып алса да болады»,- деп үш рет қайталап айтты.

Әнәс ибн Мәлік (р.а.) айтты: «Азаншы азан айтса, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабалары орындарынан тұрып, өздері намаз оқитын тіреулер қарсысында асығысатын еді. Тіпті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үйінен шыққанда олар азан мен тәкбір арасында оқитын намазды оқып жатқан болатын еді. Шам намазынан бұрын олар де екі рәкат намаз оқып алар еді. Азан мен тәкбір арасындағы уақыт онша көп болмайтын»,- деді.

Имам Бұхари (р.а.) айтты: «Шам намазының азаны мен тәкбірі арасында ешқандай уақыт жоқ»,- деді.

Имам Науаи (р.а.) айтты: «Шам намазының азаны мен тәкбірі арасында екі рәкат намаз оқу – мұстахап»,- деді.

Имам Мәлік (р.а.) айтты: «Шам намазының азаны мен тәкбірі арасында намаз оқу – дұрыс»,- деді.

Ханафилер айтты: «Шам намазының азаны мен тәкбірі арасында үш қадам ғана жүрерлік уақыт бар»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: