Әнас (а.р.) төсек-орын үстінде намаз оқыды. «Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге намаз оқитын едік. Сонда кейбіріміз киіміміздің үстінде намаз оқитын едік»,- деді.
Айша анамыз айтты: « Пайғамбарымыздың ( с.ғ.с.) қарсы алдында жататынмын, аяқтарым болса ол кісінің қыбла жағына созылып жататын еді. Сәжде еткен кезінде қолымен түртетін еді, мен аяғымды жинап ( бүгіп) алатын едім. Егер тұрса, қайтадан аяғымды созатын едім. Сол уақыттарда үйлерде шам (жарық) жоқ болатыні»,- деді.
Айша анамыздан Ғұруа (р.а.) риуаят етті: « Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әйелдерінің көрпесінде намаз оқитын еді. Айша анамыз болса, ол кісімен ( с.ғ.с.) қыбланың ортасында жаназаға қойылған табыт сияқты ұзынынан жататын еді»,- деді.
Ғұруа (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз ( с.ғ.с.) намаз оқитын еді. Айша анамыз болса (екеуі жамылатын) көрпенің үстінде Пайғамбарымыз бен (с.ғ.с.) қыбланың ортасында көлденеңінен жататын»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,
ummet.kz