Намазда тұрғанда жан-жағымызға қарауға бола ма? Қарап қойған жағдайда намаз бұзыла ма?
Айша анамыз: «Алла елшісінен (с.ғ.с) намаз оқып тұрғанда жан-жаққа бұрылып қараудың үкімі жайлы сұрағанымда: «Олай істеу – шайтанның намазда тұрған адамның намазына қол сұғып, (сауабынан) білдірмей ұрлауы болып табылады» – деп айтты» деген (Бұхари, әзән 93).
Намаз оқып тұрғанда жан-жағына қарап қойса, намаз бұзылмайды. Бірақ, намазда тұрғанда мойнын бұрып жан-жағына қарау – мәкрүһ. Ал қажет жағдайда көзбен жан-жағына қарауына болады. Алайда, бірнеше рет қайталайтын болса – ол да мәкрүһ болады. Намазда тұрғанда көзіміз сәждеде басымыз тиетін жерде болғаны абзал.
материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,
ummet.kz