24
Сенбі,
Мамыр

һижри

Бір кісі имамға, ал адамдар оған ұйыса болады ма?

Бір кісі имамға, ал адамдар оған ұйыса болады ма?

Намаз

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Сен маған ұйы, саған арттағылар ұйысын!»,- дегені туралы мына хадис еске алынады.

Айша анамыз (р.а.) риуаят етті: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) науқастанып жатқан кезде Біләл ол кісіні намазға шақырып келді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әбу Бәкірге бұйырыңыз, жамағат алдына шығып имамдық етсін!» - деді.

Сонда мен: «О, Расулалла, Әбу Бәкір көңілі жұмсақ адам, ол кісі сіздің орныңызда имамдық қылса, жылағанынан адамдар оқығанын ести алмай қалады, дұрысы Омарға (р.а.) бұйырыңыз!»,- дедім.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Әбу Бәкірге бұйырыңыз жамағат алдына шығып имамдық қылсын!» - деп қайталап айтты.

Кейін мен Хафсаға: «Әбу Бәкір сіздің орныңызда тұрса, жылағанынан оқығаны естілмей қалады, имамдықты Омарға бұйыра қойыңыз деп Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айт!» - дедім.

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендер әйелдер Жүсіптің (ғ.с.) қиссасындағы әйелдердің сыңарысыңдар, бұйырындар Әбу Бәкірге жамағат алдына шығып имамдық қылсын!» - деді.

Сонда Хафса Айша анамызға: «Сенен еш жақсылық көрмедім-да!» - деп айтты. Әбу Бәкір (р.а.) намазды бастаған соң, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзін біраз жеңіл сезініп, екі кісінің (оның бірі Аббас болатын) көмегімен аяқтарын әрең басып, намазға шықты. Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) келе жатқанын сезіп, артқа шегініп орын босатпақшы болды.

Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Артқа шегінбе, орныңнан қозғалма!», - деп ишара қылды. Кейін Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) Әбу Бәкірдің (р.а.) сол жағына алып келіп отырғызды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) отырған бойы имамдық қылды. Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ұйып, ал жамағат болса Әбу Бәкірге (р.а.) ұйып намаз оқыды»,- деді. 

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екі рәкат намаз оқып, сәлем беріп, адамдарға бұрылды.

Сонда Зүлядайн деген қолы ұзын бір кісі: «Я Расулулла, шатасып жаңылыстыңыз ба, әлде намаз қысқарды ма?»,- деп сұрады.

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ұмытып жаңылысқаным да жоқ, қысқарған да жоқ,»,- деді.

Кейін: «Зүлядайн айтқандай болды ма?»,- деді.

Олар: «Иә, солай болды деп Зүлядайннің сөзін растады. Содан соң Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) алдыға өтіп, қалған рәккаттарды оқыды. Адамдар ол кісіге ұйыды. Кейін сәлем беріп және тәкбір айтып, әдеттегідей одан да ұзағырақ екі сәһу сәждесін қылды.

материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: