Сұрақ: Әйел адамның отырыс көрінісі қандай болады?
Жауап: Әйел адам намазда аяқтарын оңға қаратып, сол жақ бөксесіне бір жамбастап отыруы керек, өйткені бұл ол үшін әлдеқайда жасырынуға негізделген көрініс.
Имам Әбу Ханифаның (рахимаһуллаһ) Муснад кітабында былай делінген: Абдулла дәуірінде әйел адамдардың қалай намаз оқығандары сұралғанда ол: «әйелдер алғашында тараббуъ отырысында отырды, одан кейін оларға денесін жинап, сол жамбаста отыру бұйырылған» - деп жауап береді. Тараббуъ дегеніміз – бір аяқты екіншісіне қойып отыруды айтады.
Бұл дегеніміз әйел адамдар алғашында тараббуъ отырысында отырып, кейін бұл бұйрықтың қайтарылғанын, оларға денелерін жинап, сол жамбасқа отырып, бір жаққа жантаю бұйырылғанын білдіреді.
Абу Бакр ибн Әби Шайба былай дейді: Ибн Аббастан әйел адамдардың намазы туралы сұрағанда, ол: «Денесін жинап, бір жанға жантайып, сол жамбасқа отыру қажет” - деп жауап берді. Жоғарыда келтірілген хабарларға сәйкес Ибраһим ән Нахағи Куфада, Муджаһид Мәдинада, Хасан Басри Басрада пәтуа берген.
Имам әл-Байхақи ер мен әйелдің намазындағы айырмашылықтардың негізін құраған қағиданы былай деп атап өтеді: «Ер мен әйелдің орындауын өзгешелейтін негізгі себеп – жасырынушылық. Әйел адамға барлық әрекетін жасырын түрде жасау керек» («сунан аль-Кубра лил Байхақи» 2 том, 222 бет).
материал «Нәзік жанның намазы» кітабынан алынды,
ummet.kz