Шақиқ (р.а.) Хузайфадан риуаят етті:
«Хазреті Омардың (р.а.) алдында отыр едік. Ол (р.а.): «Қайсы біріңіз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бүлік (фитна) туралы айтқан сөздерін естеріңде сақтаған шығарсыңдар»,- деді.
Мен: «Қалай деп айтқан болса, есіме солай сақтап қалдым»,- дедім.
Ол: «Қане, айтшы!»,- деді.
Мен: «Адамның өз әйелі, мал-дүниесі, балалары және көршісінен болатын бүліктерге (фитна) намаз, ораза, садақа хамда әмір мен таъқиққа рия қылу каффарат болар»,- дедім.
Сонда хазреті Омар (р.а.): «Жоқ мен бұны емес, теңіздің толқынындай тулайтын бүліктерді айтқан едім»,- деді.
Сонда мен: «Ей, Әмир ил-Мүъминин, сіз бұдан қорықпасаңыз да болады, өйткені сіз бен ол бүліктің (фитнаның) арасында бір жабық есік бар»,- дедім.
Омар (р.а.) айтты: «Сол есік сындырыла ма немесе ашылады ма?»,- деді.
Мен: «Сындырылады»,- дедім.
Сонда хазреті Омар (р.а.): «Демек, кейін мүлде жабылмайды екен»,- деді.
Біз Хузайфадан хазреті Омар (р.а.) қайсы есіктің мысалға алынғанын түсінді ме?»,- деп сұрадық.
Ол: «Иә, ертеңгі күннің алдында түн болмағын білетіндей жақсы біледі, мен ол кісіге Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерін түгелдей айна қатесіз айтып бергенмін»,- деді.
Кейін біз Хузайфадан қайта сұрауға батпай, Масрұққа: «Сен сұрашы!»,- дедік. Масрұқ сұрап еді, ол кісі: «Ол есік хазреті Омардың (р.а.) нақ өзі»,- деді.
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz