Ибн Сирин (р.а.):
«Намаз уақыты өтіп кетіпті»,- дегенді мәкрүх санап, оның орнына намазға жете алмай қалыппыз десін»,- деді. Имам Бұхарий болса (р.а.) Ибн Сириннің сөзін қабыл етпей, «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): («Намаз өтіп кетіпті»),- деген сөзі дұрыс»,- деп айтты.
Абдулла ибн Әбу Қатаданың атасы айтты: «Бір кездері біз Пайғамбарымыз бен (с.ғ.с.) бірге намаз оқып жатыр едік, бірден адамдардың абыр-дабыр дауыстары естілді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намаз оқып болғаннан кейін: «Сендерге не болды?»,- деді. Олар: «Намазға асықтық»,- десті. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Намазға келгендерінде олай етпендер, тыныштыққа бой ұсыныныз. Намаздың қай жеріне үлгерсеңіз, сол жерінен қосылып оқи беріңіз, қаншасы өтіп кеткен болсада, кейін өзіңіз толықтырып оқып алыныз!»,- деп айтты»,-деді.
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz