Әбу Хурайра мен Әбу Саъид (р.а.) екеуі айтты:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мешіттің қабырғысындағы сіңбірікті көріп, оны майда таспен қырып тазалады, кейін: «Егер біреулеріңіздің түкіргісі келсе, ешқашан алдына және оң жағына түкірмесін. Сол жағына немесе сол аяғының астына түкірсін!»,- деді.
Қатада (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Біреулеріңіз алдына да, оң жағына да түкірмесін, ал бірақ та сол жағына немесе аяғының астына түкірсе болады»,- деп айтқанын Әнастан естідім»,- деді.
Қатада (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мүъмин кісі намаз оқып жатқанда Раббысымен сөйлеседі (оған мінәжәт етеді), сол себепті алдына және оң жағына мүлде түкірмесін, сол жағына немесе аяғының астына түкірсін!»,- деді.
Әбу Саъид әл-Худрийдан (р.а.) риуаят болды: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мешіттің қыбла жағынан сіңбірікті көріп, оны майда таспен тазалап тастады. Кейін адамдарға алды жағы мен оң жақтарына түкірулеріне тиым салды. Бірақ та сол жағы мен сол аяқтарының астына түкіруден тимады»,- деді. әз-Зуһрий Әбу Саъид айтып берген осы хадиске ұқсас хадисті Хумайдтан естіген екен.
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz