14
Сенбі,
Маусым

һижри

Таң намазына тұру – нəпсі мен шайтанға қарсы үлкен жеңіс

Таң намазына тұру – нəпсі мен шайтанға қарсы үлкен жеңіс

Намаз

Тəтті ұйқыдан оянып таң намазына тұру – нəпсі мен шайтанға қарсы үлкен жеңіс.

Дəл таң намазының уақытында адам тəтті ұйқыда жатады. Тəтті ұйқыда жатқан адам жылы төсектен тұрып намаз оқығысы келмейді. Сондықтан көп адам кейде қалап, кейде қаламай шала ұйқымен намаздың уақыты шығуға таяғанда атып тұрып дереу дəрет алып тез-тез намазын оқып, қайтадан дереу жылы төсегіне жата қалғысы келеді. Негізінде, намазға адамдар өз қалауымен тұруы керек. Өйткені бізді алдына шақырған Алла Тағала – барлық нəрсенің Иесі жəне Сұлтаны. Оның алдына қаламай емес, көңілімізбен қалап, жүгіре баруымыз қажет.

Есіңізге түсіріп көріңізші, таңғы сағаттарда қуанышпен ерте тұрған күніңіз болған шығар. Қаншама адам жұмысқа бару үшін ерте тұрады. Жəне көптеген оқушылар мектепке бару үшін күн шықпас бұрын тұрады. Таңертең сергек ояну үшін ерте жатады. Біздің ақыреттегі мəңгі өміріміздің кілті болған таң намазының жұмысымыз жəне сабағымыздай маңызы жоқ па, қаламай жəне ұйқылы ояу оқитындай? Əрине, олай емес! Азан дауысы естілгенде немесе сіздің қойған сағатыңыз шырылдағанда, намаз оқуды ішіңізден қалап, атып тұрыңыз. Даланың суық болуы немесе дəрет алатын суыңыздың суық болуы – сізді намаз оқудан бас тартқызбауы керек.

Адамдар ұнатқан кісісіне барар кезде даланың суығына, өзінің ауруына қарамастан оған жүгіре-жүгіре барады. Сол сияқты бізді өзіне шақырған Алла Тағалаға даланың суық болуына жəне дəрет алатын суымыздың салқын болуына қарамастан асығуымыз керек. Бұл жолда өлім болса да еш ойланбауымыз керек. Ұйқыңыз тез ашылсын десеңіз, суық сумен дəрет алыңыз. Кəміл намаз оқу үшін дəретті дұрыстап алу керек екендігін ұмытпаңыз.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) «Дұға – рахметтің, дəрет – намаздың, намаз – жəннаттың кілті» деген. Егер де нəпсіңіз немесе шайтан дəрет алмауға азғыратын болса, оған қарамастан дəрет алыңыз. Егер жағдайыңыз болса, тұрған бөлмеңізді немесе суыңызды ысытып алыңыз. Осылай жасау үшін ақша жұмсаудан қашпаңыз. Өйткені намаздан артық ғибадат немесе Оның құзырына шығудан басқа маңызды еш нəрсе жоқ.

материал «Таң намазына тұрғың келсе...» кітабынан алынды,

ummet.kz 


Бөлісу: