09
Сәрсенбі,
Шілде

һижри

Намазды әскерде қалай оқысам болады?

Намазды әскерде қалай оқысам болады?

Намаз

Əскери борышты өтеу – өзіне сай ережелері мен шарттары бар маңызды міндет. Күнделікті тіршілікте бес уақыт намазын тастамайтын қаншама адам əскерде жүргенде намазына бейжай қарауға мəжбүр болып жатады.

Əскерде жүргенде басқа кезде намаз оқитынын естіген бір досыма «Неге оқымай жүрсің?» деп сұраған едім. «Бұл жердің шарттары мүлдем бөлек. Құдай қаласа, əскери міндетім біткеннен кейін оқимын», – деген еді. Əскери міндетіміз біткенге дейін өмір сүре алатындығымызға кім кепіл? Өмір сүргеннің өзінде өткен шағымыздан сұраққа тартылмаймыз ба? Əскерде жүргенде оқымаған намаздарымыз сұралмай ма? Əскерде жүргенде намаз оқуға тыйым салынбаған. Тек қана сонда жұмыс жасайтын кейбір адамдардың өзгеше ұстанымдары болады. Жəне өзгеше ортаға кірген жастарда «Не дер екен, қалай қабылдайды?» деген сияқты қорқыныштары болады.

Өте маңызды бір себеп болмаса да, бұл қорқыныш сезімі намаз оқымауға итермелеп тұрады. Бірақ мектепте жəне жұмыс уақыттарында жасайтын жоспарларымызды əскерде жүргенде де дəл солай жасауымызға болады. Көптеген əскери жерлерде мешіттер бар. Біз əскерде жүргенде командиріміз де мешітке келетін. Бəріміз бірге намаз оқитынбыз. Бірақ əр нəрсенің кешігу жəне орындалмай қалу ықтималы бар. Намаз оқитын кейбір достарымыз өте ақырын қозғалатындықтан жаттығуларға жəне сабақтарға кеш қалатын. Осындай себептерден, намазға жəне намаз оқитын адамдарға деген теріс көзқарастар пайда болатын. Əсіресе, осындай жағдайлар болатын болса, өте тез əрекет ету немесе парыздарды ғана өтеу керек. Жаздыгүні намаз уақыттарының аралары алыс болғандықтан көп қиындық туындамайды. Бірақ қыста екінті жане ақшам уакыттарында қиындықтар туындауы мүмкін.

Дұрыс жоспар құру жəне демалыс уақыттарын дұрыс пайдалану арқылы намаздарды уақытында оқуға болады. Бұл жердің шарттары өзгеше болады. Кейде жаттығу жерлерінде, тауда, батпақта, қарда намаз оқуыңызға тура келеді. Болып қалуы ықтимал кейбір жағдайлардың алдын алуыңыз керек. Мен əскерге кетпес бұрын ол жердің шарттарын жəне ғибадат ететін мүмкіншіліктің қандай екендігін жақсылап қарастырдым. Онсыз да, тек қана əскерлікте емес, жолға шығатын болсам немесе басқа бір қалаға кететін болсам, аурухана, жиналыс, қонаққа бару сияқты жағдайларда ең алдымен жасайтын ісім – «Намазымды қалай оқимын?» дегенді жақсылап ойланып соған қарай дайындық жасау. Бұл үшін намаз уақыттарының жəне құбыланың қай жақта екендігін білемін жəне дəрет алатын, намаз оқитын жердің қандай екендігі туралы алдын-ала қарастырамын. Өйткені намаз – біздің ең басты құндылығымыз.

Намаз – жаратылу мақсатымыз жəне бар болу себебіміз. Құдіреті шексіз Жаратушымызбен кездесу сəтіміз, Онымен сөз байласқан уақытымыз. «Барлық жерде жəне əрқашан бізбен бірге болған Раббымызбен» кездесу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыруға тиіспіз. Сол үшін əскерге кетпес бұрын намазға байланысты дайындықтар жасадым. Қалтамда оңайлықпен алып жүре алатындай жайнамаз орнына қолдануға болатын үлкен пакет алдым. Соның арқасында барлық жерде еш қиындықсыз намаз оқи алатынмын.

Негізінде, намаз оқитын жер таза болса, жайнамаз жаю міндетті емес. Топырақ, шым, цемент, тақтай сияқты тегіс жерлерде намаз оқуыңызға əбден болады. Бірақ жаңбыр немесе қар жауғанда үсті-басыңыз батпақ болмауы үшін пакет өте ыңғайлы.

Бұл жерде тағы бір маңызды нəрсені естеріңізге сала кетейін. Уақыт өте тығыз немесе ыңғайсыз кезде намаз оқитын жағдайда етіктің үстіне мəсх жасасаңыз болады. Бұл үшін етігіңізді дəретіңіз бар кезде киген болуыңыз керек. Етіктің бауын шешіп, аяқтарыңызды жуу, бауын қайта байлау көп уақыт алатындықтан мəсх жасай салу сізге қолайлы болады. Бірақ намаз оқыған кезде шешпейтіндіктен етігіңіз таза болу керек. Ол үшін мəсх жасағаннан кейін етігіңіздің табаны мен жан-жағын тазалағаныңыз дұрыс. Одан кейінгі шаң-тозаң намазыңызға бөгет болмайды. Өйткені намазға бөгет болатын лас нəрселер – қан, кіші дəрет, үлкен дəрет, ірің сияқты ауыр нəжістер. Бұлар туралы кең мағұлмат алу үшін ғылымхал кітаптарынан оқып білуіңізге болады.

Өкінішке қарай діни тақырыптарды толық білмегендіктен адамдар өз ой-сезімдерімен əрекет етеді. Мысалы, кейбіреуі етікке мəсх жасалатынын, топырақ үстіне намаз оқылатындығын, киім-кешекке тиген шаң-тозаңның намазға бөгет болмайтындығын білмейді. Нəтижесінде, діни білімдерінің таяздығынан намазын тастауға дейін барады.

Əскерде ендігі бір мəселе – таң намазына тұру. Егер тұрғызатын уақыт күн шыққаннан кейін болса өзіңіз ерте тұруыңыз керек. Бұл үшін қарауылға айтып қою жеткілікті. Бірақ кейде қарауыл ұмытып кетуі мүмкін. Сондықтан абайлау керек. Мен қарауылға айтатынмын. Əрі өзім де сағатымның қоңырауын бұрап қоятынмын. Сағатым кішкентай ғана болатын. Бірақ шырылдаған кезінде дауысын басқаннан кейін 5 минуттан соң қайта шырылдап, 45 минут тоқтамай шырылдайтын. Осылайша күн сайын оңай тұратын едім. «Əскерлік досым» болған сағатымды əлі қолданып жүрмін. Сапарда, қонақта, демалыста жанымнан тастамаймын. Ұмытпаңыз: жақсы сағат сізге сансыз таң намазын сыйлайды. Төлеген құныңыз аз, бірақ тапқан пайдаңыз керемет! Таң намазына байланысты мəселелердің бірі – ғұсыл алу. Бұл жағдай əсіресе əскерде тіптен қиынға соғады. Мұны шешу үшін де алдын-ала дайындық жасауыңыз керек.

Ойыңызда шынымен де намаз оқу ниеті болса, əрбір қиындыққа қарсы тұрып бір жолын табасыз. Бірақ қиналмайтын, уайымдамайтын болсаңыз, қаншама намазды қазаға тастап, бұған ар-ожданыңыз да қиналмайтын болып, етіңіз үйреніп кетеді. Махшардағы есеп күні оянасыз, бірақ өте кеш болады.

Кейде əскери бөлімдегі жуынатын жер ремонт жасалу үшін жабылып қалады. Ремонт біткенше басқа жерге жуынуға тура келеді. Бұл үшін киім жуатын бөлме жəне кішкентай ванналарды қолдануға болады. Мен осындай жағдайларда қолдана алатын барлық мүмкіндіктердің жауапты бастықтарымен жəне «қажет болса пайдалануыма болады» деп танысып, уəделестім. Кейде расымен де қажеттілік туындайтын, кейде еш қажеті де болмайтын.

Ешқашан да «Бірнеше намаз қаза кетсе не болады екен? Əзірге қажет емес бола тұра, болып қалуы мүмкін машақаттар үшін алдын алудың не керегі бар?» демеңіз. Бір уақыт намаздың өзі барлық дүниеге тең. Намаз оқу үшін кедергі болған бөгеттерге шешім қарастырған əрбір уақытыңыз – ғибадат болып саналады.

материал «Таң намазына тұрғың келсе...» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: