Көбіміз жамағатпен намаз оқымау үшін көп сылтау табамыз.
Ибн Аббас (р.а) риуаят еткен мына хадисте осы сылтауларымызды жеңуіміз керек екенін бұйырады. «Кімде-кім азан шақырылған кезде, ешбір себепсіз жамағатқа бармай, өзі жалғыз намаз оқитын болса, ол намазы қабыл болмайды». «Қандай жағдайларда жамағатпен намаз оқымауға болады?» деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) былай деп жауап береді: «Қорқыныш жəне ауру». (Əбу Дəуіт, Салат)
Ибн Үммі Мақтум (р.а) Пайғамбарымыздан (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Уа, Расулалла! Менің үйім алыста əрі өзім зағиппын. Бір жол көрсетушім бар, ол маған жақсы мəміле жасамайды. Осындай жағдайда маған намазды үйде оқуыма рұқсат па?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Азанды естисің бе?» – деп сұраққа сұрақпен жауап қатқанда, ол: «Иə», – деп жауап береді. «Олай болса үйде намаз оқуыңа рұқсат жоқ», – деп жауап береді Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уə сəллəм). Осы тақырыпта түрлі аят-хадистерді сараптаған ғұламалар намазды жамағатпен оқудың үлкен сүннет екенін айта отырып, бірақ сүннет деп бармай қоюға болмайтынын айтады. Өйткені жамағатпен намаз оқудың жалғыз оқудан 27 есе артық сауабы бар. Күнəлар жан-жағымыздан құйылып тұрған мына ғасырда сауапқа қаншалықты мұқтаж екеніміз белгілі емес пе? Жамағатпен оқылған намаздың хикметі соншалық – соғыстың өзінде жамағатпен оқыған.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) оны «сүннет муəккада» деп бұйырған. Жамағатпен намаз оқылсын деп қаншама мешіттер салынған. Бəрінен бұрын жамағатпен оқылған намазда ерекше жан рақаты, терең лəззат болады. Өйткені мешіт тек қана намаз үшін, құлшылық үшін жасалған. Барлық нəрсе соған байланысты безендірілген. Мешіттің ішінде жан рақатын, көңілді, ойды бұзатын, адамға басқа ой беретін ештеңе жоқ. Мешіттер тыныш, таза, бəрі бір-біріне үйлескен орта. Осының өзі жамағаттың маңыздылығын көрсетіп тұрған жоқ па? Мешітте жəне үйде жамағатпен оқылмаған намаздарды ойлап көріңізші? Айналаңыздағы адамдардың сөздері, радио, телевизор дауыстары, тамақтың иісі – намаздағы адамның тыныштығын бұзып, əрі ниетін аударатын қаншама кедергілер бар?! Енді мешітте мүміндермен бірге иық тірестіріп оқыған намазыңыздың лəззатын, тыныштығын ойлаңыз. Өте маңызды басқа бір хикметі – жамағатпен намаз өтегенде, жауапкершіліктің имамда болуы. Осылайша намазда маңызды болған Құран аяттары мен дұғаларды дұрыс оқу, діни қағидаларды жақсы білу сияқты жəйттарда жауапкершілік алмадан құлшылығымызды жасаған боламыз.
Имамдар бұл жайында сабақ алғандықтан жамағаттан əлдеқайда дұрыс оқиды. Намаздың қай жерінде қалай əрекет жасау керек екенін жақсы біледі. Намазды кемеліне жеткізіп оқуға өте абай болатындықтан тыныш жəне лəззатты намаз оқыған боламыз.
Намаздың ең үлкен апаттарының бірі – жылдам жəне асығыс оқудан құтыламыз. Жамағатпен бірге оқитын болсақ, намазды дəл уақытында оқып Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Ең жақсы амал – уақытында оқылған намаз» деген мақтауына ие боламыз. Əр намазды бір жерде оқи берсеңіз, ол жер сізді жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан əртүрлі жамағатпен оқып тұрыңыз. Соңында жамағатпен намаз оқитын мүміндер арасында достық көмектесу, жанашырлық болады. Бұл дініміздің тағы бір кереметтерінің бірі. Раббымыз жамағаттың тілеген дұғатілектерін əлдеқайда тез қабыл етеді. Өйткені барлық адам бір-бірінің дұғасына əмин дейді. Дұғаның қабыл болу себебі арта түседі. Осы жəне осы сияқты хикметтер жамағатпен оқылған намаздың 27 есе көп сауапты екендігін көрсетеді. Осылардың барлығын біле тұра қалайша жамағатпен намаз оқымайсыз? Жамағатпен намаз оқудың сауап жəне берекетінен мақұрым қалмаңыз. Егер мешітке бара алмай қалсаңыз, балаларыңыз жəне жолдасыңызбен жамағат болыңыз. Егер достарыңызбен бірге өмір сүретін болсаңыз, солармен бірге жамағат болыңыз, сауаптан құр қалмаңыз.
материал «Таң намазына тұрғың келсе...» кітабынан алынды,
ummet.kz