08
Жексенбі,
Ақпан

һижри

Сапардан келген соң оқылатын намаз

Сапардан келген соң оқылатын намаз

Намаз

Кағб ибн Мәлік (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сапардан келсе, ең әуелі мешітке кіріп намаз оқитын»,- деді.

Жәбир ибн Абдулла риуаят етті: « Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алдына келдім, ол кісі мешітте екен. Есімде сәске уақыты еді. Сонда Мисуар: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) маған: «Сапардан қайтып келіп тұрсың, (шүкірлігіне) екі рәкат намаз оқып ал!»,- деді. Кейін маған қарыз еді, оны да қайтарып, оған қоса сыйылық ақша қоса берді»,- деді.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сапарған шығарда жəне сапардан қайтқанда екі рəкəғат намаз оқығаны риуаят етілген. Бұл намаз сапарға шығарда жолы болып, көздеген ісінің жеңіл бітуі жəне аман-есен діттеген жеріне барып қайтуы үшін Аллаға жалбарыну мақсатында жəне аман-есен оралғаннан кейін отбасымен, туған-туысымен аман-есен қауыштырғаны үшін Аллаға шүкір айту мақсатында оқылады. Абзалы – сапарға шығарда бұл намазды – үйде, ал оралғанда мешітте оқу.

материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: