06
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Кісі имамның тәкбір айтқанын көрсе сапқа қашан тұрады?

Кісі имамның тәкбір айтқанын көрсе сапқа қашан тұрады?

Намаз

Абдулла ибн Әбу Қатаданың (р.а.) атасы риуаят етті:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Тәкбір айтылып жатқан уақытта мені көрмегеніңізге дейін сапқа тұрмаңыз!»,-деп айтқан»,- деді.

Абдулла ибн Әбу Қатаданың (р.а.) атасы риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Тәкбір айтылып жатқанда сапқа тұрмаңыз. Тыныштық сақтаңыз!»,-деп айтқан»,-деді.

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бөлмесінен шықты. Намазға тәкбір айтылды, саптар түзелді. Намазға тәкбір тахрима айтылуын күтіп тұрған едік, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Орындарыңыздан қозғалмаңыздар!»,- деп бөлмесіне кіріп кетті, біз сол бойымызда тұрып қалдық. Біраздан соң шаштары дымқыл, басынан су тамып тұрған бойы қайтып шықты, ол кісі ғұсыл алған екен»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: