06
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Имамның алдындағы белгі арттағы жамағатқа да жарай береді

Имамның алдындағы белгі арттағы жамағатқа да жарай береді

Намаз

Абдулла ибн Аббас (р.а.) риуаят етті:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Минада (құрбандық шалатын жерде) адамдармен бірге намаз оқып жатқан еді. Мен Балағат жасқа жетейін деп қалған кезім болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) алдына белгі қоймай, намаз оқып жатыр еді. Кенеттен мен, бір ұрғашы есекке мініп келіп қалдым, бірнеше намазхандардың алдынан өттім де, есектен түсіп, оны жайылсын деп қоя бердім, кейін өзім намазхандардың қатарына келіп сапқа тұрдым. Сонда маған ешкім ескерту бермеді»,- деді.

Ибн Омар (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Айт намазын оқығалы шықса, өзінің алдына қысқарақ найзаны жерге қадап қоюды бұйыратын. Кейін жүзін соған қаратып намаз оқитын. Адамдар болса ол кісінің арт жағында (белгі қоймай) намаз оқи беретін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сапарға шыққанда да солай ететін. Сол себептен барлық Әмірлер де намазға шыққандарында солай істейтін болды»,- деді.

Ғаун ибн Әбу Жухайфа мына хадисті атамнан естіген едім деді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әл-Батха деген жерде алдына үші үшкір ағашты жерге шаншып қойып, бізбен бірге Бесінді екі рәкат, Асрды екі рәкат қылып намаз оқыды. Сол уақытта оның алдынан әйелдер де, есектер де өтіп жатты, бірақ оған көңіл аудармады»,- деді.

материал «Сахабалардың сәулелі ғұмыры» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: