06
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаз оқып жатып имамға қарау мәселесі

Намаз оқып жатып имамға қарау мәселесі

Намаз

Айша анамыз (с.ғ.с.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күн тұтылғанда оқылатын намаз туралы айтып жатып: «Мен тозақтың паршаланып, айқыш-ұйқыш болып кеткенін көріп, қорыққанымнан артқа жылжыдым»,- деді.

Әбу Мағмар (р.а.) риуаят етті: «Біз Хаббабтан «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бесінде және Асрда зәм ( қосымша) сүре оқитын ба еді?»,- деп сұрадық. Ол: «Иә, оқитын»,- деді. Мен: «Оны қалай білетін едің?»,- дедім. Ол: «Сақалының қимылдағанынан»,- деді. (Демек, ол кісі кезінде имамға қараған).

Барра (р.а.) риуаят етті: «Сахабалар Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ұйып намаз оқып жатқандарында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сәждеге барғанын көрмегенше сәжде қылмайтын еді»,- деді.

Абдулла ибн Аббас (р.а.) риуаят етті: « Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманында күн тұтылды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күн тұтылғанда оқылатын намазды оқыды. Намаздан кейін: «О, Расулалла, қиямда тұрғаңыңызда бір нәрсені ұстамақшы болып қол созғаныңызды және артқа жылжығаныңызды көрдік»,- десті. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мен жәннатты көріп, оның жемісінен алмақшы болдым. Егерде оны алғанымда, оны қияметке шейін тамақтанып жүрген болар едіңдер»,- деді.

Әнас ибн Мәлік (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізбен бірге намаз оқып, содан соң мінберге шықты. Қолдары мен мешіттің қыбла жағына ишара белгі қылып: «Қазір ғана, сіздермен намаз оқып жатқанымда ана дуал жақта жәннат пен тозақты көрдім, тура суреті түсірілгендей өте анық көрдім, жақсылық пен жаманшылықтың айырмасын бүгінгідей анық көрген емеспін»,- деп үш рет айтты»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: