Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екі рәкат намаз оқып, қыбланы жаңылыстырып алғанын сезіп, адамдарға бұрылып, кейін қалған екі рәкатын қыблаға қарап оқып, намазын толықтырды.
Хазреті Омар (р.а.) айтты: «Раббым менің үш түрлі ниетімді шындыққа шығарды: «Я Расулулла, мақам Ибраһимда намаз оқуды әдет қылсақ болар еді!»,- дегенімде, «Мақам Ибраһимде намаз оқы!»,- деген аят нәзіл болды, «Я Расулулла, әйелдеріңізге жамылып жүруді (хижаб) бұйырсаңыз, өйткені олармен жақсы адам да, жаман адам да сөйлесер»,- дегенімде, «Хижаб» аяты нәзіл болды. Бір күні Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әйелдерінің бойларында ол кісіге деген қызғаныш пайда болды. Сонда мен оларға: «Егерде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сендерді қоя берсе, Алла тағала орындарыңа сендерден гөрі жақсырақ әйелді нәсіп қылуы мүмкін»,- дегенімде, шынында, осы мазмұндас аят нәзіл болды. Хумайд (р.а.) айтты: «Жоғарыдағы хадисті мен де Әнастан естігенмін»,- деді.
Абдулла ибн Омар (р.а.) айтты: «Құба мешітінде адамдар таң намазын оқып жатқан уақытта, бір кісі келіп айтты: «Сол кеште Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Құран аяты нәзіл болып, Қағба жаққа қарап намаз оқу бұйырылды»,- деді. Адамдар жүздерін Қағба жаққа қаратты. Олар алғашқы уақытта жүздерін Шам жаққа қаратып намаз оқып жатқан болатын»,- деді.
Абдулла ибн Масғуд (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бесін намазында бес рәкат намаз оқыды. Сонда Сахабалар: «Намаздың рәкаты көбейтілді ме?»,- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Неге бұлай сұрадыңыздар?»,- деді. Сахабалар: «Парызды бес рәкат етіп оқыдыңыз»,- десті. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екі аяғымен тізерлеп отырып, тағы да екі мәрте (сәһу) сәжде етті.
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz