06
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Азан шақырылғанда қалайша құлақ аспаймыз?

Азан шақырылғанда қалайша құлақ аспаймыз?

Намаз

Намаз оқымауға себеп болатын сылтауларының тағы бірі – жас екендігін алға тарту.

Қызық! Құлшылықты, намазды қуанышпен құшақ жая қарсы алуымызды қажет ететін жастық шақ, кейде кедергілерге ұшырап жататынына куə боламыз. Əуелі нəпсіміз, одан кейін өмір сүріп жатқан ортамыз «əлі жассың, қартайғанда оқисың» деуі мүмкін.

Кейбір орта жастағы адамдарда «намазды зейнетке шыққан соң оқимын» деген түсінік бар. Бірақ оған дейін өмір күтіп тұра ма? Оған ешқандай кепілдік жоқ. Шын мəнісінде, қартайғанға дейін өмір сүретінімізге кімнің кепілдігі бар? Əзірейіл періштемен (а.с) жүздескен, келіскен кім бар? Ажал жас-кəріге қараған ба? Жарайды, бізге айрықша кепілдік берілді делік. 100 жыл өмір сүреміз. Намазды қай кезде бастаймыз? Мөлшері қандай? Алпыс жаста ма, сексен бе, тоқсан ба əлде өлерден бір күн бұрын ба? Жарайды, сонда балиғат жасқа толғаннан кейін жасағандарымыздың есебі сұралмай ма? Алла «Уа, қарттар, намаз оқыңдар!» деді ме əлде «Уа, иман келтіргендер, намаз оқыңдар!» деді ме? Исламмен өмір сүру қарттардың ісі ме? Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Əрбір адамның Алланың құзырында жастық шағын қайда өткізгендігінен есепке тартылатындығын» айтқан. Міне, осы ақиқаттардың барлығын біле тұра азан шақырылғанда қалайша құлақ аспаймыз?

Иə, жастығымыз бізді намазға бар ынта-жігерімізбен қауышуға бағыттауы керек. Себебі жастық шақ – қайырлы іс жасауға ең қолайлы мүмкіндік. Жастық шақтағы энергияны, күш-жігерді, ісшараларды жəне талпынысты қарттық жеңгенде таба алмасымыз анық. Əзірет Омардың бір сөзінде: «Ақыр заманның əулиелері бес уақыт намазды уақытылы үзбей оқыған жастар» деген екен. Сондықтан осы нығметтерді Алла жолында тиімді пайдалану қажет.

материал «Таң намазына тұрғың келсе...» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: