06
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Құтпада қысқартып айтуға болмайтын сәттер

Құтпада қысқартып айтуға болмайтын сәттер

Намаз

Ади ибн Хатимнен (Алла оған разы болсын):

Бір кісі Пайғамбардың (с.а.с.) қасында құтпа жасап: «Кімде-кім Аллаға және Оның елшісіне бойсұнса, ол рас тура жол тауыпты. Ал кімде-кім ол екеуіне қарсы келсе, рас адасыпты», – деген. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): «Сен қандай жаман құтпа жасаушысың! «Ал кімде-кім Аллаға және Оның елшісіне қарсы келсе...», – деп айт», – деп (түзеткен) (870/48). Ибн Нумәйр: «Адасты», – деген.

Умму Һишам бинт Хариса ибн Нұғманнан (Алла оған разы болсын). Ол: «Біздің тандырымыз бен Алла елшісінің (с.а.с.) тандыры екі жыл не бір жыл бірнеше (ай) бойы ортақ болды. Мен «Қаф. Даңқты Құранға серт» (деп басталатын сүрені) Алла елшісінің (с.а.с.) өз аузынан үйрендім. (Пайғамбар (с.а.с.)) оны әр жұма күні мінбердің үстінде адамдарға құтпа жасағанда оқитын», – деп айтқан (873/52).

Ғұмара ибн Руайбадан. Ол (бірде) Бишр ибн Маруанның мінбер үстінде қолдарын көтеріп тұрғанын көріп: «Аллаһ мына қолдардың ұсқынын бұзсын! Расында, мен Алла елшісі (с.а.с.) қолымен былай еткеннен артық (қимыл жасамайтынын) көргенмін», – деп, сұқ саусағымен ишара жасаған (874/53).

материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: