06
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Дәрет алғанда мүшелерді үш реттен жуу мәселесі

Дәрет алғанда мүшелерді үш реттен жуу мәселесі

Намаз

Хумран Маула Османнан (р.а.):

«Осман (р.а.) ыдыспен су әкеліңдер!», - деді. Содан соң ыдысты үш мәрте еңкейтіп, қолына су құйып қолын жуды. Кейін оң қолымен ыдыстың ішінен су алып, үш рет аузын, кейін мұрнын шайды, кейін үш рет бетін жуды, кейін екі қолдарын шынтақтарына дейін үш рет жуды. Кейін басына масих тартты. Одан соң аяқтарын тобыққа дейін үш рет жуды. Кейін: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім мына менің алғанымдай қылып дәрет алып, содан соң басқа нәрселерді ойламай, екі рәкат намаз оқыса, оның өткен күнәлары кешірілер», - деп айтқан», - деді.

Екінші бір риуаятта Хумран: «Осман (р.а.) дәрет алып болғаннан соң: «Мен сендерге бір хадис айтып беремін, (Құран кәрімде) мына бір аят болмағанда, мен оны сендерге айтпайтын едім, оны Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) естігенмін», - деді. «Кісі жақсылап дәрет алып, намаз оқыса, оның ол намазымен бұл намазының арасындағы күнәлары намазды оқып болғанша кешірілер», - деп айтты», - деді. Ғұруа ибн Зубайр (р.а.): «Осман (р.а.) айтқан аят: «Негізінен біз ап – ашық үкімдерді әрі тура жолды Кітапта адамдарға баян еткеннен кейін жасырғандар, соларға Алла лағнет етеді әрі барлық лағнет етушілер лағнет етеді», - деді.

материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: