06
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Рүкүғта тәкбірді толық айту мәселесі

Рүкүғта тәкбірді толық айту мәселесі

Намаз

Ғимран ибн Хұсайн (р.а.) риуаят етті:

«Хазреті Әлимен (р.а.) бірге Басрада намаз оқыдық. Хазреті Әли (р.а.) Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге оқып жүрген намазымызды есімізге түсіріп: «Ол кісі әр кезде сәждеден басын көтергенде де, әр кез сәжде қылғанында да тәкбір айтатын еді»,- деді.

Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туралы айтып жатып: «Ол кісі намазда Сахабаларға имамдық қылса, әр сәждеге барған кезінде және сәждеден басын көтергенінде тәкбір айтатын, мен бәріннен гөрі көбірек Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ұқсатып намаз оқимын»,- деді.

Мұтарраф ибн Абдулла (р.а.) риуаят етті: «Мен және Ғимран ибн Хұсайн хазреті Әлиге (р.а.) ұйып намаз оқыдық. Хазреті Әли (р.а.) сәждеге бара жатқанында да, сәждеден бас көтеріп жатқанында да, екі ракаттан тұрып жатқанында да тәкбір айтатын еді. Намаз біткен соң, Ғимран ибн Хұсайн менің қолымды ұстап тұрып: «Міне бұл кісінің (яғни хазреті Әлидің) қазір оқыған намазы маған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) намазын есіме түсірді. Бізге Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) намазын оқып берді»,- деді.

Икрима (р.а.) риуаят етті: «Бір кісінің (Әбу Хурайраның) Меккедегі Мақами Ибраһимде намаз оқып жатып, сәждеге бас қойғанда да, сәждеден бас көтергенде де тәкбір айтқанын көрдім. Бұны Ибн Аббасқа (р.а.) айтып берген едім, ол: «Ей, жетімек! Бұл - Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) намазы ғой»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: