06
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Ағаштан жасалған нәрселердің үстінде намаз оқудың үкімі

Ағаштан жасалған нәрселердің үстінде намаз оқудың үкімі

Намаз

Имам Бұхари (р.а.) айтты:

«Хасан Басри мұз немесе көпірдің үстінде егер оның астынан немесе үстінен немесе алдынан нәжіс ағып тұрған болса да, намаз оқуға еш зияны жоқ, тек қана намаз оқушы мен нәжіс арасында бір нәрсе тосылып тұрса болды»,- деді. Әбу Хурайра (р.а.) мешітте имам болып намаз оқыды. Ибн Омар қар үстінде намаз оқыды. 

Әбу Хазим айтты: «Адамдар Сәхл ибн Сағдтан (р.а.): «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мінбері неден жасалған?»,- деп сұрады.

Сахл (р.а.) айтты: «Адамдардың арасында оны меннен артық білетін кісі қалмады. Ол (мінбер) «Юлғун» деген орман ағашынан жасалған. Оны пәленшенің азат болған құлы пәлен жасаған.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ұста мінберді жасап әкеліп қойған соң, оған шықты да қыбылаға қарап: «Аллаһу акбар»,- деді. Адамдар ол кісіге ұйыды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қираат етіп, рүкүғ қылды. Адамдар да артынан рүкүғ қылды. Кейін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) басын көтерді. Мінберден артқа қарай шегініп түсіп, жерде сәжде қылды. Кейін қайтадан мінберге шықты да, қираат етті, содан соң рүкүғ етті.

Кейін басын көтеріп, мінберден артқа шегініп түсіп Әнас ибн Мәлік айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хижраның 5-ші жылы, Зулхижжа айында аттан жығылып, балтыры ма әлде жаурыны ма сырылып кетті Бір ай бойы әйелдерінің жандарына бармауға серт етті. Ағаш тіреулері бар бөлмеде отырғанында, Сахабалар ол кісіні көріп көңілін сұрауға келді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) отырған бойы намазға имаметшілік етті. Ал Сахабалар болса тік тұрған бойы намаз оқыды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сәлем бергеннен соң. (имамға ұю керек). Сол үшін имам «Аллаһу Акбар» дегенде сізде такбір айтыңыз, рүкүғ қылса сізде рүкүғ қылыңыз, сәжде етсе, сізде сәжде етіңіз. Егер де тік тұрып намаз оқыса, сізде тік тұрып оқыңыз!»,- деді. (Пайғамбарымыз ( с.ғ.с.) науқас болғандығы себепті барлық намазға отырған күйі имаметшілік етті. Сахабалар болса тік тұрып оқи берместен, өздері біліп ұий берулері керек еді. Пайғамбарымыз ( с.ғ.с.) 29-күн болғанда әйелдеріне барды. Олар: «Сіз бір айға серт еткен едіңіз ғой?»,- десті. Сонда Пайғамбарымыз ( с.ғ.с.): «Бұл ай 29-күнге толады»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: