Әнас ибн Мәлік (р.а.) айтты:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): « Кімдекім біздің намазымызды оқыса, біздің қыбламызды қыбла етсе және біздің құрбанға шалынатын халал малымыздың етін жесе, ол Алла Тағаланың және оның Пайғамбарының (с.ғ.с.) панасындағы (қорғауындағы) нағыз мұсылман болып есептеледі. Алла Тағаланың панасындағыларды сату арқылы Алла Тағалаға да қиянат етпеңдер»,- деді.
Әнас ибн Мәлік (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) маған айтты: «Мен адамдар: «Лә иләһа илла Алла» - дегендерінше күресуге ( соғысуға, қарсы шығуға) бұйырылдым. Егер олар Кәлима Тайбаны айтса, біздің намазымызды оқыса, біздің қыбланы қыбла етсе және біз ұнатқан халал малдың етін жесе, олардың қанын төгу, малын тартып алу - бізге харам болады, ал ахирет есебі - Алланың ықтиярында»,- деді.
Әнас ибн Мәліктен Мәймүн ибн Сиях (р.а.) риуят етті: « Ей, Әбу Хамза, мүъмин пенделерге қандай адамдардың малын таламақ және қанын төкпек харам?»,- деп сұрады. Сонда Әнас айтты: «Кімде-кім “лә иләһа илла Алла” десе, біздің қыбламызды қыбла етсе, намазымызды оқыса, біз ұнатқан халал малдың етін жесе, ол адам - мұсылман. Мұсылманға қандай құқық берілсе, оған да сондай құқық берілер және мұсылманға қандай уәзипа (міндет) жүктелсе, оған да сондай уәзипа жүктелер», - деді.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz