Абдулла ибн Юсуф (р.а.) айтты:
«Зәйд ибн Халид Омар ибн Ғубайдулланың құлы Әбунәзірді «Намаз оқушылардың алдынан өтушілер турасында Әбу Жұхайм Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) не естіген екен, біліп кел!»,- деп жіберді. Әбу Жұхайм (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Намаз оқушы адамның алдынан өтушілер қандай күнә істеп жатқандарын білсе ғой, намаз оқушының алдын кесіп өтпей, оған қырық ( күн, ай, жыл) тоқтап, күтіп тұрған хайырлы болар еді»,- деген»,- деді. Әбунәзір сонда: «Қырық күн, әлде қырық ай, немесе қырық жыл деді ма, есімде жоқ»,- деді.
Әбу Салих (р.а.) риуаят етті: «Мен жұма күні Әбу Сағидтың адамдардан қалқалап, қарсы алдына сұтра белгісін қойып намаз оқып жатқанын көрдім. Әбу Мұғаит тайпасына қарасты бір жас бала оның алдынан өтпекші болды. Әбу Сағид баланы көкірегінен итеріп, кері қайтарды. Әлгі бала басқа өтетін жер таппағаннан кейін оның алдынан қайтадан өтпекші болды. Әбу Сағид ол баланы алғашқыдан гөрі қаттырақ итеріп жіберді. Баланың ашуы келіп, Әбу Сағидты тілдеді де, Маруанның алдына арыз айтуға кірді. Әбу Сағидта (р.а.) оның артынан кірді. Мәруан: «Ей, Әбу Сағид ағаңның баласымен араларында не болды?»,- деді. Сонда Әбу Сағид: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) егерде біреулерің сутра (белгіге) қарап намаз оқып жатқандарында бірер кісі сутра мен сенің араңнан өтпекші болса, оны кері қайтарыңыз, егерде оған да көнбесе, қаттырақ итеріп қайтарыңыз, өйткені ол - шайтан!»,- дегенін естігенмін»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz