Нұғман ибн Башір (р.а.) айтты:
«(Сапта) тұрғанымызда әрбіріміздің тобығымыз жанымыздағының тобығына тиіп тұрғанының куәсі болғанмын»,- деді.
Әнас (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Саптарыңды тураландар, мен сендерді алды жағыма қарап тұрып та көремін!»,- деді. Біз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманында сапта тұрғанымызда әрбіріміздің иығымыз жанымыздағының иығына, ал аяғымыз оның аяғына тиіп тұратын»,- деді.
Башір ибн Ясар (р.а.) риуаят етті: «Әнас (р.а.) Басрадан Мединеге келді. Әнасқа: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманынан кейін бізден қандай кемшілік таптыңыз?»,- деп сұрасты. Сонда Әнас (р.а.): «Сендер сапты дұрыстап толтырмайды екенсіңдер, бұдан басқа қате кемшілік таппадым,- деді. (Имам Бұхарий сапты туралауды-уәжіпке, ал ижтаһатты болсасүннет деп есептейді. Өйткені Әнас (р.а.) оларға намазды қайтадан оқуға бұйырмады).
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz