05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Имамның қиямды жеңілдірек, рүкүғ, сәждені толығырақ қылуы

Имамның қиямды жеңілдірек, рүкүғ, сәждені толығырақ қылуы

Намаз

Әбу Масғуд (р.а.) риуаят етті:

«Бір кісі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) мен пәленше имамның намазды созып жіберетіні үшін таң намазына бармай жатырмын»,- деді.Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) уағыз айтып жатып, бұлай ашуланғанын көрген емеспін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сонда: «Сендердің араларында адамдарды жамағат намазынан бездіретіндер бар. Қайсы бірің жамағатқа имамдық қылсаңыз, намазды жеңілдетіңіз, өйткені намазхандардың арасында әлсіз, ауру және тығыз шаруасы бар адамдар бар!»,- деді.

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) риуаят етті: «Муғаз ибн Жабал (р.а.) Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге құфтан намазын оқып, содан соң барып қауымға имамдық қылатын. Бір күні қауымына имамдық етіп жатып, әл-Бақара сүресін зәм қылып оқыды. Сонда бір кісі саптан ажырап шықты да, өз алдына намаз оқып кетті»,- деді. Муғаз (р.а.) ол кісіні жамандағандай болды. Бұны Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жеткізді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Муғазға: «Сен-фитнашысың, фитнашысың, фитнашысың! Немесе «Бұндай хәлде фитнашы болып қалғайсың, фитнашы болып қалғайсың, фитнашы болып қалғайсың!»,- деп үш мәрте айтты да, бұдан кейін орташа екі сүрені зәм қылып оқуға бұйырды»,- деді.

Ғамр (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұйырған сол сүренің қайсы екенін есіме түсіре алмай отырмын.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: