Әбу Хумайд (р.а.) айтты:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) рүкүғтен басын көтерген соң омыртқаларының әрбірін буын-буынына түсіріп, біраз тыныс алатын еді»,- деді.
Сәбит (р.а.) риуаят етті: «Әнас (р.а.) бізге Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қалай намаз оқитынын түсіндіріп және рүкүғтен бас көтергенде бір сәл тік тұрып қалатын. Тіпті, біз сәжде қылу есінен шығып кетті ме»,- дер едік.Сәбит (р.а.) риуаят етті: «Әнас (р.а.) бізге Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қалай намаз оқитынын түсіндіріп және рүкүғтен бас көтергенде бір сәл тік тұрып қалатын. Тіпті, біз сәжде қылу есінен шығып кетті ме»,- дер едік.
Барра (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) рүкүғ, сәжде және қиямға да, екі сәжде арасында отыруға белгілі бір уақыт кететін еді»,- деді.
Әбу Қилаба риуаят етті: «Мәлік ибн Хуайрис (р.а.) бізге Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қалай намаз оқитынын көрсетіп беретін. Бұл намаздан тыс уақытта болатын еді. Бойын тіктеді де, біраз тұрды, кейін рүкүғ қылды және біраз үнсіз тұрды, содан соң басын көтеріп бір аз тұрды. Мәлік ибн Хуайрис (рүа.) бізге міне сол шайхымыз Әбу Бұрданың намазына ұқсас намаз оқып берді. Әбу Бұрайд соңғы сәждеден бас көтерсе, біраз отырып алып, кейін тұратын»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz