05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Намазханның екінші рәкаттан тұрып жатып тәкбір айтуы

Намазханның екінші рәкаттан тұрып жатып тәкбір айтуы

Намаз

Ибн Зубайр (р.а.) рәкаттан тұрып жатып тәкбір айтатын еді.

Сағид ибн Харс (р.а.) риуаят етті: «Әбу Сағид бізге намаз оқып берді. Тәкбірді дауыс шығарып айтты. Сәждеге бара жатқанда да және одан бас көтеріп жатқанда да, екі рәкаттан тұрып жатқанда да тәкбір айтты. Кейін: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) солай намаз оқып жатқанын көргенмін»,- деді.

Мұтарраф ибн Абдулла (р.а.) риуаят етті: « Мен және Ғимран ибн Хұсайн хазреті Әлиге (р.а.) ұйып намаз оқыдық. Хазреті Әли (р.а.) сәждеге бара жатқанында да, сәждеден бас көтеріп жатқанында да, екі ракаттан тұрып жатқанында да тәкбір айтатын еді. Намаз біткен соң, Ғимран ибн Хұсайн менің қолымды ұстап тұрып: «Міне, бұл кісінің (яғни хазреті Әлидің) қазір оқыған намазы маған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) оқыған намазын есіме түсірді»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: