Әнас (р.а.) риуаят етті:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: « Адамдарға не болған өзі? Намаз оқып жатып ылғи да аспанға қарайды?»,- деді. Кейін, бұл туралы: «Адамдар намаз оқып жатып, аспанға қарауды тоқтатпаса, олардың көздері соқыр қылынады»,- деп қаттырақ айтты»,- деді.
Айша анамыз (р.а.) риуаят етті: «Намаз оқып жатып о жақ, бұ жаққа қарап алаңдау турасында Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) сұрадым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Ол – шайтанның адамның намазынан бір бөлігін ұрлап алуы!»,- деп жауап берді».
Айша анамыз (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)бірде гүлді көйлек киіп намаз оқыды. Содаң соң: «Бұл киімнің гүлдері менің ойымды бұзды (алаңдатты). Бұны Әбу Жаһмге апарып бер, орнына (көйлек) алып кел!»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz