08
Дүйсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тәкбір тахрима айтудың бір уақытта қолды көтерумен басталуы

Тәкбір тахрима айтудың бір уақытта қолды көтерумен басталуы

Намаз

Сәлім ибн Абдулланың атасы Абдулла ибн Омар риуаят етті:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намаз оқуды бастап жатқанында қолдарын иық тұсына дейін көтеретін еді, тәкбір айтып рүкүғ қылып жатқанында да, рүкүғдан бас көтеріп жатқанында да қолдарын иық тұсына дейін көтеретін еді және «Сәмиғаллоһу лиман хамидаһ», «Раббанә ләкә-л хамду», - дейтін еді. Бірақ сәжде қылып жатқанда бұлай қылмайтын»,- деді.

Абдулла ибн Омар (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) намаз оқып жатып, қолдарын иығының тұсына дейін көтергенін көрдім. Тәкбір айтып, рүкүғ қылып жатқанында да, рүкүғдан басын көтеріп жатқанында да солай қылатын»,- деді.

Ескерту: Ханафи мәзхабы бойынша тәкбір тәхрима кезінде қол құлақтың жұмсақ жеріне тигізеді және рүкғ пен сәжде тәкбірлері айтылғанда қолды көтермейді. Бұған дәлел ретінде мына хадисті ұстанады. Уайл ибн Хужр риуаят еткен хадисте былай делінеді: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) намаз бастаған кезінде екі қолын көтеріп тәкбір тахрима айтқанда қолдарын құлақтарының жұмсақ жеріне тигізгенін көрдім»,-деді. (Муслим, Салат-21. Әбу Дауд, Салат-115. Тирмизи, Салат-63).

Әнәс ибн Малик риуаят еткен хадисте былай делінеді: «Пайғамбарымыз намаз оқыған кезінде тәкбір тахримада бас бармақтарын құлақтарына дейін көтергенін көрдім», -деді. (Ибн Мажа, Иқама-15. Насай, Ифтитах-4 хадис).

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: