08
Жексенбі,
Ақпан

һижри

Әйелдің намаз оқушының үстіндегі жаман нәрсені алып тастауы

Әйелдің намаз оқушының үстіндегі жаман нәрсені алып тастауы

Намаз

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) айтты:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Қағбаның жанында намаз оқып жатқан болатын. Сол жерге жақын маңда Құрайыш руының бір топ адамдары сөйлесіп отырған еді. Солардың бірі: «Ана рияқорға қараңдаршы, қайсы бірің түйеқораға барып, түйенің қанжынымен, тезегін алып келіп, оның үстіне (арқасына) төге аласың?!»,- деді. Сонда олардың ішіндегі қаскөй біреуі барып, түйенің қан-жыңымен тезегін алып келіп, сәжде істеп жатқан Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үстіне (арқасына) төкті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сәжде істеген бойы жата берді. Бұл көрініске мүшіріктер ішек сілелерінің қатқандарынша күлісті. Бір кісі бұл жағдайды Фатимаға (р.а.) айтып барды.(Фатима анамыздың ол уақытта әлі кішкене қыз кезі болатын) Сол кезде Фатима анамыз жүгіріп келген бойда әлі сәждеде жатқан Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үстіндегі түйенің қан-жынымен тезегін тазалап алып тастады да, мүшіріктерге лағнет айтты.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намазын оқып біткеннен соң: «Я Раббым, құрайыштарды пәлекетке ұшырат!»,- деп үш рет қайталап айтты. Содан соң аттарын атап тұрып: «Я Раббым, Ғамр ибн Хишамды, Ғуқба ибн Рабиғаны, Шайиба ибн Рабиғаны, әл-Уалид ибн Ғұтбаны, Умаия ибн Халафты, Ғуқба ибн Әбу Мұғайтты, Ғұмар ибн әл-Уалидті пәлеге душар ет!»,- деп дұға етті. Абдулла айтты: «Алламен ант етіп айтамын, олардың барлығының Бәдір соғысында өліп жатқандарын көрдім. Оларды сүйреп апарып, сусыз құдыққа тастады. Кейін, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Құдыққа тасталғандарды ахиретте лағнеттегейсің!»,- деп Аллаға дұға етті»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: