Намазда бірінші ракағатта «Фатихадан» соң «Мүлік» сүресін оқыса бола ма? Реттілікті сақтап, отыз аятты бірден оқу керек па? Әлде бөліп оқуға бола ма?
Намазда бір ұзақ сүрені бірнеше рәкәғатқа бөліп оқуға болады және арасынан өзіне жеңіл келген аяттарды таңдап оқыса да қате емес.
Бастысы аят ретін сақтағаны абзал, яғни, бірінші рәкәғатта оқылған аяттан кейінгі реттегі аяттардың бірін екінші рәкәғатта оқығаны жөн. Мысалы, бірінші рәкәғатта «Бақара» сүресінің 255-аятын оқыса («аятуль курсиді»), екінші рәкәғатта аталмыш сүренің 286-аятын оқығаны сияқты.
Сондай-ақ, «Мүлік» сүресінің басынан екі аят оқып, орта тұсынан немесе аяқ тұсынан екі аят оқи алады. Оның әбестігі жоқ.
Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz