Абдулла ибн Аммар (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Абдулла ибн Амр арқылы жеткен хадисте:
“Ораза мен Құран Қиямет күні құл үшін шапағатшы болады. Ораза тұрып: “Раббым! Тағам мен шаһуаттынан тыйдым, мені ол үшін шапағатшы ете гөр”,-дейді, Құран болса: “Түнгі ұйқысынан бөлдім, мені ол үшін шапағатшы ете гөр”,-дейді. Сөйтіп екеуі шапағаты қабыл болып, ол адамға мейірімге бөленеді”,-делінген. (Байхаки)
Әбу Саид әл- Худри (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Рамазан айының алғашқы түнінде аспан есіктері ашылады да, олардың ешқайсысы Рамазанның соңғы түніне дейін жабылмайды. Рамазан айының кез келген түнінде оқыған намазындағы әрбір жасалған сәжде үшін 1500 сауап жазылады. Және де Алла Тағала оған жәннатта әрбір есігі сарайға апаратын алтыннан жасалып, корундпен әшекейленген 60.000 есіктен тұратын лағылдан үй тұрғызып береді. Егер ол адам Рамазан айының бірінші күні ораза тұтса, оның өткен күнәлары кешіріліп, ол үшін әр күні 70.000 періште таңнан кешке дейін күнәларының кешірілуін сұрайды. Рамазан айында түнде болсын, күндіз болсын жасаған әрбір сәждесі үшін оған жәннаттан ағаш егіледі, оның көлеңкесінен атты адамның өзі 500 жыл дегенде шауып өтеді». (Байхаки. Тағриб)
Салман (оған Алла раыз болсын) былай дейді: «Шағбан айының соңғы күні Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын)бізге былай деді: «Ей, адамдар, ұлы және қасиетті ай жақындады, төбелеріңе көлеңкесі түсті. Бұл айда мың айдан да қайырлы Қадір түні бар. Алла сол қасиетті айдың күндізінде оразаны парыз қылды, түндерінде нәпіл намазын заңды қылды. Бұл айда үлкенді кішілі жақсылық жасаған адам басқа айларда бір парызды орындағандай сауап алады. Бұл айда бір парызды орындау — басқа айлардағы жетпіс парыз болып есептеледі. Бұл ай – Алла үшін аштық пен шөлдің, құлшылық пен тағаттың машақаттарына сабыр мен төзімділіктің айы. Сабырдың қайтарымы – жұмақ. Бұл ай – жәрдемдесу айы. Бұл ай – мүміндердің ризығын арттыратын ай. Бұл айда кім ораза тұтқан мүмінге аузын ашатын бір нәрсе беретін болса, жасаған бұл ісі күнәларының кешірілуіне және тозақтан құтылауына себеп болады. Ораза тұтқан адамның сауабы азаймастан соның алатындай сауабына ие болады», -деді».
Бұл хадис тарауық намазының Алладан келген әмір екендігін білдіреді. Әһли Сүннет ғалымдары бір ауыздан тарауық намазын сүннет деп тапқан.
материал «Ораза туралы жетпіс хадис» кітабынан алынды,
ummet.kz