Қиямда сәжде жасайтын жерден көз айырмау – мұстахаб. (Нурул Изах – 28-бет, Намаздың әдептері).
Айша анамыз (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.у.) Қағбаға кіргенде намаз оқыды. Намазында сәжде жасайтын жерінен жанарын айырмаған еді», – дейді (әл-Хаким, әл-Мүстадрак, Китабүл-Манасик, №1804 хадис).
Көзді жұмып, намаз оқу – жеңіл мәкрүһ. Абдулла ибн Аббас (р.а.) Алла елшісінің (с.а.у.): «Кім де кім намаз оқыса, көзін жұмбасын», – деген хадисін риуаят еткен (Хайсами, Мәжмағуз-зәуәид – 2/192-бет, №2450 хадис).
материал «Дәлел-дәйектермен намаз оқу үлгісі» кітабынан алынды,
ummet.kz