30
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Үлкен, кіші дәреттен басқасы дәретті бұзбайды деп есептеушілерге жауап

Үлкен, кіші дәреттен басқасы дәретті бұзбайды деп есептеушілерге жауап

Намаз

Алла Тағала аят кәрімінде: «...түзге отырып келсе» («әл-Мәйида», 6-аят),- дәрет алу уәжіп болады деген.

Ғата ибн Әбу Рабах (р.а.): «Арқасынан құрт немесе маңдайынан бүргеге ұқсас нәрсе шыққан кісілер қайтадан дәрет алады»,- деді.

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) айтты: «Кімде-кім намазда күлсе, дәретін жаңаламай-ақ намазын қайтадан оқиды»,- деді. Хасан Басри (р.а.) айтты: «Егерде кісі шаш алдырса немесе тырнағын алса не мәсісін шешсе, қайтадан толық дәрет алу керек емес (аяғының өзін ғана жуып алса) болады»,- деді.

Әбу Хурайра (р.а.) айтты: «Дәрет жел шықпаса бұзылмайды»,- деді.

Жәбир (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір соғысқа қатынасты. Бір кісіге садақтың оғы тиді. Ол кісі қанының ағып тұрғанына қарамастан рүкүғ, сәжде қылып намаз оқи берді»,- деді.

Хасан Басри (р.а.) айтты: «Мұсылмандар жарақаттарымен де намаз оқи беретін»,- деді. Товус; Мұхаммед ибн Әли,Ғата ибн Әбу Рабах және Хижаз, Мекке мен Мәдина аһли: «Қан ақса, дәрет бұзылмайды (Ханафи мәзһабында бұзылады)»,- деді.

Ибн Омар (р.а.) бетіндегі безеуді сығып еді, одан қан шықты, бірақ ол қайтадан дәрет алмады. Ибн Убай (р.а.) қан түкірді, бірақ намазын ары қарай жалғастыра берді. Ибн Омар мен Хасан Басри: «Қан алдырған адам дәрет жаңаламайды, тек қана қан алдырған жерін ғана жуады»,- деді.

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мешітте намазды күтіп отырған кісі хадас қылмаған болса, намазда тұрғанға есептеледі»,- деді. Сонда бір ажами (арап емес) кісі: «Хадас деген не?»,- деп сұрады. Әбу Хурайра (р.а.): «Арттан желдің шығуы»,- деді.

Ибад ибн Тамимнің көкесінен: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бір кісі шыққан желдің дауысын естіп, исін сезбегенше намазын бұзбасын!»,- деді.

Мұхаммед ибн Ханафия (р.а.) имам Әлиден риуаят етті: «Хазреті Әли (р.а.) шаһуаты көп адам едім. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) сұрауға ұялдым. Миқдотға: «Сен сұра!»,- дедім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мәзи келгенде, дәрет алу ләзім болады»,- деп жауап берді.

 

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: