Айша анамыз (р.а.) риуаят етті:
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) науқастанып жатқан кезде Біләл намазға шақырып келді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әбу Бәкірге бұйырыңыз, жамағат алдына шығып имамдық етсін!» - деді. Айша анамыз айтты: «Әбу Бәкір көңілі жұмсақ адам, сіздің орныңызда тұрып имамдық қыла алмайды, дұрысы Омарға (р.а.) бұйырыңыз!»,- дедім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Әбу Бәкірге бұйырыңыз жамағат алдына шығып имамдық қылсын!» - деп қайталап айтты Кейін мен Хафсаға: «Әбу Бәкір сіздің орныңызда тұрса, жылағанынан оқығаны естілмей қалады, имамдықты Омарға бұйыра қойыңыз деп Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айт!» - дедім.
Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендер әйелдер Жүсіптің (ғ.с.) қиссасындағы әйелдердің сыңарысыңдар, бұйырындар Әбу Бәкірге жамағат алдына шығып имамдық қылсын!» - деді. Сонда Хафса Айша анамызға: «Сенен еш жақсылық көрмедім да!» - деп айтты.
Әбу Бәкір (р.а.) намазды бастаған соң, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзін біраз жеңіл сезініп, екі кісінің (оның бірі Аббас болатын) көмегімен намазға шықты. Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) көріп, артқа шегініп орын босатпақшы болды. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Артқа шегінбе, орныннан қозғалма!»,- деп ишара қылды. Кейін Аббасқа (р.а.): «Мені оның қасына өткізіңіз!»,- деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Әбу Бәкірдің (р.а.) сол жағына келіп отырды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) отырып намаз оқыды. Әбу Бәкір (р.а.) тік тұрып Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ұйып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтқан тәкбірлерін жамағатқа қайталап естіртіп тұрды»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz