Ибраһим (р.а.) айтты:
«Кімде-кім жиырма жыл бойы бірде намаз оқымаған болса, сол оқымаған намазын ғана қайтадан оқиды»,- деді.
Әнас (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Кімде-кім бірер намазын ұмытып оқымаған болса, есіне түскенде оқиды, оқылмай қалған намаз үшін, намаздың өзін қайта оқымақтан басқа каффарат жоқ, Алла тағала: «Алланы еске алып намаз оқы!»,- деп айтты»,- деді.
Жәбир ибн Абдулла (р.а.) риуаят етті: «Хандақ күні, күн батқан соң, Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) келіп, Құрайыш кәпірлерін сөге бастады. Содан соң: «Я Расулулла, күн батайын деп бара жатқанда асрды зорға оқып үлгердім»,- деді. Кейін, Бұтханға бардық, күн баттқаннан соң Аср намазын оқып, содан кейін шам намазын оқыды»,- деді.
Жәбир ибн Абдулла (р.а.) риуаят етті: «Хандақ күні, күн батқан соң, Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) келіп, Құрайыш кәпірлерін сөге бастады. Содан соң: «О, Расул Алла, күн батайын деп бара жатқанда асрды зорға оқып үлгердім»,- деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Алламен ант етемін, мен (оны) әлі оқығаным жоқ»,- деді. Кейін, Бұтханға жүрдік, жеткеннен соң Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дәрет алды, біз де дәрет алдық. Содан кейін күн баттқаннан соң Аср намазын оқыды, одан кейін шам намазын оқыды»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz