Әбу Омар мен Шайбаний екеуі (р.а.) риуаят етті:
«Абдулла Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) Алла Тағаланың алдында қайсы амал абзалырақ?»,- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Өз уақытында оқылған намаз»,- деді. Абдулла: «Содан кейін қайсы?»,- деп сұрады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ата-анасына құрмет көрсету»,- деді. Абдулла: «Содан кейін қайсысы?»,- деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла жолында күресу»,- деді.
Абдулла: «Бұларды маған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан, егер оған титімдай бір нәрсе қосып-алған болсам, мені құдай ұрсын!»,- деді.
Ғайлан (р.а.) риуаят етті: «Әнас (р.а.): «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманындағыдан жақсырақ нәрсені білмеймін, ол намаз деп аталады»,- деді. Кейін: «Намаздың уақытын кешіктіріп, одан тиетін сауапты да жоғалтып қойған жоқсың ба?»,- деп қосып қойды.
Зұхрий (р.а.) риуаят етті: «Дамаскіде Әнас ибн Мәліктің (р.а.) алдына кірсем, ол жылап отыр екен. Мен: «Неге жылап отырсыз?»,- дедім. Ол кісі: «Өзім білгендердің ішінде намаздан жақсырақ нәрсені білмеспін, бұл намаз болса, оның да қадір-сауабы азайып барады»,- деп айтты»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz