19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Намаз дұрыс болу үшін

Намаз дұрыс болу үшін

Намаз

«Бес парыз» айдарының өткен санында намаздың төртінші парызы құбылаға бет бұру туралы тоқталған болатынбыз.

  1. Уақыт

Намаз – күннің арнайы белгілі уақыттарында іске асатын парыз. Парыз намаздарға уақыт шарт. Парыз сүннеттері, тарауих және айт намаздары үшін де уақыт шарт. Уақыты кірмейінше, парыз намазын оқу іске аспай- тыны сияқты, уақыты шыққан соң оқылған намаз да қаза деп есептеледі. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Намаз мұсылмандарға арнайы белгіленген уақыттарда парыз етілді»[1], – дейді.

Бір намаздың ешқандай себепсіз белгіленген уақытынан кейін қаза етіп оқылуы – дұрыс емес және өте үлкен күнә. Бірақ бір адам ұмыту немесе ұйықтап қалу себептерімен намазын оқи алмаса, қазасын өтеуі қажет. Кейбір ғалымдар себепсіз намазын қаза еткендер кейіннен қазасын өтерде алдымен тәубе ету керектігін айтады. Қаза намазға бес уақыт парыз намаз бен үтір намазы кіреді. Жұма мен айт, сүннет намаздары үшін қаза қажет емес[2]. Жұманы оқи алмаған кісі сол күннің бесін намазын оқиды.

  1. Ниет

Ниет ету – намаздың шарттарының бірі. Ниет – намазға кіруді қалау. Адам қандай намазға кіргісі келсе, сол намазды жүрекпен білуі шарт. Адам намазға кірерде қай намаз екеніне күмәнданса, намазы дұрыс болмайды. Қайта ниет ету қажет. Ниет – жасалмақ іске жүрекпен иілу. Мұны тілмен айту шарт емес. Мүштәһид имамдардың бұл жайлы иттифақтары (ауызбірлігі) бар. Ниет – ғибадатты жай істерден бөлек етіп көрсету. Ниет өте маңызды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Іс-әрекеттер тек ниетке байла- нысты», – дейді[3].

Сондықтан рияшылдықпен жасалған ғибадат – Аллаһ үшін емес, адамдар үшін жасалған нәрсе. Оған сауап жазылмауы былай тұрсын, күнәсін алады. Демек, ниеттің орны – жүрек. Тілмен айту – көбірек айтылған көзқарас бойынша, мұстахап. Сол себепті, жүрекпен ниет етумен қоса, «Мына уақыттың намазына ниет еттім» – деп тілмен айту абзал. Айтылмаса оқасы жоқ. Парыз бен уәжіп намаздарға арнайы тағайындап білдіретін ниеттің болуы қажет. Парыздың қаза намаздары да солай. Бірақ нәпіл намаздарға жеке атын атап ниет етумен қатар, жалпы ниет те жетіп жатыр. Бір адам жамағатпен намаз оқылып жатқан бір топқа үлгерсе, бірақ бұл намаздың парыз немесе тарау- их екенін біле алмаса, парызға ниет етеді. Жамағат ниет еткеніндей парыз намазын оқыса, намазы дұрыс. Егер тарауих болып шықса, оқыған намазы «нәпіл намаз» деп саналады. Тарауих намазын құптан намазынан бұрын оқуға болмайтындықтан, оқығаны тарауих намазы болып есептелмей, тек қана нәпіл намаз түрінде қалады.

Жамағатпен намаз оқылғанда имамға ұюға ниет ету қажет. Бірақ имамның имамдыққа ниет етуі шарт емес. Ал, жамағатқа әйелдер де қатысса, олардың намазы дұрыс болуы үшін, имам кісі оларға имам болуды ниет етуі керек[4]. Ниеттің ифтитах (бастау, ашу) тәкбіріне жақын болуы – абзал. Бірақ тәкбірден кейін ниет етсе дұрыс болмайды.

Материал "Ислам ғылымхалы" кітабынан алынды

 

[1] Ниса, 4/103.

[2]ДИА, 223-224.

[3] Бухари, Бәду’л-уахи, 1.

[4] Зуһайли, II,611.

Бөлісу: