19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Намазды бұзатын жайттар

Намазды бұзатын жайттар

Намаз

Намазды бұзатын жайттар:

1) Намазда сөйлесу;

2) Бір нәрсе жеу немесе ішу;

3) Өзі еститіндей күлу (жанындағылар еститіндей күлсе, дәреті де бұзылады);

4) Біреуге сәлем беру немесе сәлемін алу;

5) Кеудесін құбыладан басқа жаққа бұру;

6) Дүниеге байланысты немесе ауруына байланысты жылау немесе “Ах” деу (Алладан қорқып жыласа намаз бұзылмайды)

7) Жөтелгісі келмесе де жөтелу; (өз-өзінен болатын, адамның еркінен тыс жөтел намазды бұзбайды).

8) Намазда бір нәрсе жасауға тырысу;

9) Бір нәрсені үрлеу;

10) Құранды мағынасы бұзылатындай қате оқу;

11) Аятты Құранға қарап оқу;

12) Намазда дәреті бұзылу;

13) Тәйәммүм еткен адам су көрсе немесе мәсіге тартылған мәсіхтің уақыты бітсе;

14) Таң намазын оқып жатқанда күннің шығуы;

15) Әйелдер мен еркектердің арасында пердесіз, бір сапта тұрып намаз оқуы;

16) Намазда әурет жерлердің ашылуы және бір рүкін орындалатындай уақыт бойы жабылмай тұруы.

Бөлісу: