27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Азан

Азан

Намаз

Азан – сөздікте «хабар беру, білдіру» мағынасын білдіреді.

Терминге салсақ: парыз намаздардың уақыттарын білдіретін арнайы айтылатын сөздер. Парыз намаздары үшін оқылатын азан Құран мен сүннет арқылы белгіленген. Исламның әуелінде дәл қазіргідей азан оқылмайтын. Тек қана «әс-салата, әс-салата» (намазға, намазға), немесе «әс-Салатул-жами’аһ» (намаз адамдарды біріктіруші) секілді сөздермен білдірілетін. Кейіннен һижреттің алғашқы жылдарында Мәдинада Пайғамбар мешіті салынып біткен кезде, сахабалар жиналып, Пайғамбарымызбен (ﷺ) бірге жамағат болып, намаз оқи бастады. Міне, сол уақытта Алла Елшісі (ﷺ) намаз уақыттарының жариялануы жайында сахабалармен мәжіліс өткізді. Кейбір сахабалар түсінде көрген азан оқылуын айтып, бұл да уахимен қуатталып, бүгінгі кездегі азан түрі пайда болды.

Ерлер үшін азан – мүәккад сүннет. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Намазға (азан) шақырған уақыттарыңда олар ойынға айналдырып келеке етеді. Бұл олардың шынайы түрде түсінбейтін халық болғандықтарынан»[1]. «Ей, иман еткендер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар және сауда-саттықты тоқтатыңдар»[2] – дейді.

Алла Елшісі (ﷺ) : «Намаз уақыты кірген кезде араларыңнан біреу азан оқып, жасы үлкені имам болсын»[3], – дейді.

Азанның оқылуы:

 

الله أكبر، الله أكبر،

الله أكبر،الله أكبر،

أشهد أن لا إله إلا الله،

أشهد أن لا إله إلا الله،

أشهد أن محمدًا رسولُ الله،

أشهد أن محمدًا رسولُ الله،

حيَّ على الصلاة،

حيَّ على الصلاة،

حيَّ على الفلاح،

حيَّ على الفلاح،

الله أكبر، الله أكبر،

لا إله إلا الله

Аллау әкбар Аллау әкбар

Аллау әкбар Аллау әкбар

Әшһәду әл-ләә иләһә ил-лАлла,

Әшһәду әл-ләә иләһә ил-лАлла,

Әшһәду әннә Мухаммәдәр-Расулуллаһ,

Әшһәду әннә Мухаммәдәр-Расулуллаһ,

Хаййә ‘алас-Саләһ, Хаййә ‘аләс-Саләһ

Хаййә ‘аләл-Фәләх, Хаййә ‘аләл-Фәләх

Аллау әкбар, Аллау әкбар,

Ләә иләһә ил-лАлла.

Қазақша мағынасы:

Алла аса ұлы, Алла аса ұлы

Алладан басқа құдай жоқ екеніне куәлік етемін.

Алладан басқа құдай жоқ екеніне куәлік етемін.

Мұхаммедтің Алланың Елшісі екеніне куәлік етемін.

Мұхаммедтің Алланың Елшісі екеніне куәлік етемін.

Намазға (жан рақатына) асық. Азаттыққа, мәңгілік бақытқа жетуге асық.

Алла аса ұлы, Алла аса ұлы

Алладан басқа құдай жоқ.

Бамдат намазында екі рет «Хаййә ‘аләл-Фәләх» дегеннен кейін, екі рет «әс-салату хайрун миннән-нәум» (ұйқыдан намаз жақсы) сөздері қосылып айтылады.

 

[1] Маида, 5/58

[2] Жұма, 62/9.

[3]

Бөлісу: