23
Сенбі,
Қараша

һижри

Ораза – күнәлардың кәффараты

Ораза

Хузайфа (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Мен Расулуллаһтың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай дегенін естідім: «Пенденің фитнасы[1] жанұя, мал және көршісінде.[2] Ал оны намаз, ораза, садақа, жамандықтан тыйып, жақсылыққа шақыру кетіреді».[3]

Хадисті Хузайфадан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Бухари, Имам Муслим және Имам Ибн Мажәһ риуаят етті.[4]

 



[1] тіл саласының ғалымдары: «Арабтарда «фитна» сөзінің түп негізгі мағынасы «сынақ», «емтихан» деген ұғымдарды білдіреді»,-деген. («Сахиху Муслим би шархин-Науауи»)

[2] Имам Әз-Зәйн ибн Әл-Мунир айтады: «Отбасыдағы фитна – ата-анасы баласына қатысты міндетіне селқостық етуінде. Мал-дүниедегі фитна – құлшылыққа немесе Хақ Тағалаға қатысты міндетің атқарылуына кедергі болуында. Көршідегі фитна – көршіге қатысты көреалмаушылық пен өзімшілдікте әрі көршісін мазақ етуде». («Сахиху Муслим би шархин-Науауи»)

[3] бұл Хақ Тағаланың: «Расында игі амалдар жамандықты кетіреді»,-дегеніне сай. («Һуд» сүресі, 115 аят)

[4]«Сунәну Ибн Мажәһ», «Сахихүл-Бухари», «Сахиху Муслим», «Фатхүл-Бари» шарху «Сахихил-Бухари» және «Сахиху Муслим би шархин-Науауи».

Бөлісу: