21
Сенбі,
Наурыз

һижри

Рамазан бітті, бірақ құлшылық жасау біткен жоқ

Өкінішке қарай, Рамазан бізбен қалай қоштасса, адамдарда ізгі амалдарымен, құлшылығымен солай қоштасып, арасын үзіп алып жатады. Алла Тағала уақыттың кейбір мерзімдерін, күндерді және айларды ардақтағаны әрі оларда жасалатын игі амалдар басқа уақыттарға қарағанда Алла үшін ұнамдырақ және сүйіктірек болатынында күмән жоқ.

Пітір садақаны ораза айт біткен соң беруге бола ма?

Пітір садақа беру – ораза айт күні таң намазының уақыты кіргенде міндет болады. Сол күні кешке дейін беріп үлгеру керек. Немесе Ораза айтқа дейін, Рамазан ішінде берсе де саналады.

Рамазанның соңы: Ораза ұстаған адамның жәннаттың «әр-Раййан» есігінен кіруі

Ораза бекіткен жандар «әр-Раййан» атты есіктен кіруімен ораза ұстамаған пенделерден ерекшеленеді.

Әйел адамдар Қадір түнін қалай өткізеді?

Бұл түнді ерлер қауымы секілді әйелдер қауымы да бір Аллаға құлшылық жасаумен өткізеді. Алайда, көпшілікті «әйелдер мешітке барып, Қадір түнін өткізсе бола ма?» дейтін сұрақтың мазалайтыны анық. 

Қадір түні Рамазанның қай түніне тура келеді?

Алла Тағала бұл өмірді сынақ ретінде жаратқан. Сондықтан да өмір ішіне өлімді, адамдар арасына әулие құлдарын, дұғаның қабыл болатын сәтін жұма күнінің белгілі бір уақытына жасырған. Осы ретпен рамазан айының қай түні Қадір түні екенін де ашық білдірмеген.