23
Сенбі,
Қараша

һижри

Оразаның кезінде тісті тіс пастасымен тазалау

Ораза

Сұрақ: біреулер ораза ұстаған адамның аузынан шыққан иіс Аллаһ Тағала үшін мисктің де иісінен ұнамды деп ораза бойы аузын тіс пастасымен тазаламайды.

Осы себептен болар олардың аузынан жағымсыз иіс шығып жатады. Осы мұсылманшылыққа қаншалықты сай?

 

Жауап: бұл тіпті қажет. Тек тісті тазалау барысында тіс пастасын жұтып алмау керек. Болмаса оразасы бұзылады. Ал ораза ұстаған адамның аузынан шыққан иіс мәселесіне келер болсақ, бұл жайында хадисте айтылған. Алайда, бірде-бір ғалым «хадисте тазаланбаған тістің жағымсыз иісі жайында айтылған» демеген. Бұл хадисте оразаның кезінде асқазаннан шығатын иіс жайында айтылған. Сондықтан Рамазан бойы тістерін тазаламағандар біршама қателеседі. Негізі күні бойы тамақ ішпеу себебінен ораза ұстаған адамның аузынан ерекше иіс шығады. Міне, сол асқазаннан шыққан сол иіс Хақ Тағала үшін мисктің иісінен артық. Ғалымдар бұл мәселеге қатысты сегіз түрлі пікір айтқан. Соның ішінде үш түрлі пікір басымды тәрізді. Бірінші пікір: Ақыретте Аллаһ Тағала сол жағымсыз иістің есесіне мисктен де абзал, хош иісін тіпті миі сезінетін әтір сыйлайды. Бұл пікір айқын. Әрі бұл мәселеде пікірталас жоқ. Екінші пікір: Қиямет күні адамдар қабірден тұра бастағанда ораза ұстағандардың ауызынан хош иіс шығып тұрады. Бұл ораза ұстағанның белгісі болады. Үшінші пікір әуелгі пікірден абзал. Ол: Аллаһ Тағала осы дүниеде-ақ ауыз бекіткен адамның аузынан шыққан иісті жақсы көруі.

Бөлісу: