10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құран мен Рамазанның қандай байланысы бар?

Құран мен Рамазанның қандай байланысы бар?

Ораза

Рамазан айының Аллаға жақындай түсуге жол ашатын құлшылық науқаны екендігі әркімге белгілі. Бұл маусымда истиғфарын көбейтіп, күнәсін дұғасымен кетірген пенделердің Алланың үйіне қарай ағылып жататындығы көз қуантады.

Ал енді осы Құранда аса Білімді Раббымыз төрімізден орын алған Рамазан айы туралы бір ғана рет сөз қозғайды: «Рамазан айы сондай ай, онда адамдар үшін басшылық әрі тура жол мен фурқанның анық дәлелдері ретінде Құран түсірілген» («Бақара» сүресі, 185-аят). Асылында, бүкіл әлем мұсылмандары Рамазан айын еске алғанда оның егізіндей етіп оразаны да ойға алады. Байқасаңыз, мұнда Алла Тағала Рамазанды ораза айы ретінде таныстырмайды. Рамазан – Құран түсірілген ай деп баяндайды. Демек, сіз бен біз де Алланың үйретуімен Рамазанды еске алғанда Құранды да қоса ойға алуымыз керек екен.

Ойлана білген адам Рамазанды Рамазан еткен Құран екендігіне көз жеткізеді. Сондай-ақ, Қадір түнін де қадірлі еткен осы Құран ғой. Тіпті, Пайғамбардың (с.ғ.с) өзін Пайғамбар еткен Құранның нақ өзі. Өйткені, Оның ұлы мақсаты да – адамзатқа Құранды жеткізу емес пе?!

ummet.kz

Бөлісу: