23
Сенбі,
Қараша

һижри

Отыз жыл ораза ұстаған адам

Отыз жыл ораза ұстаған адам

Ораза

Отыз жыл ораза ұстаған адам бiрде құдық басына келiп, су алу үшiн кезекке тұрады. Ол кезек қанша үлкен болса да, таласып-тармаспай сабыр сақтап тұрғанда,кезектiң соңғы жағынан бiреу айқайға басып:

- Мен бүгiн оразамын! Кезек берiңдер. Қарным ашты,шөлдедiм! - деп шу шығарады.

Әлгi айқайшы әр адамға соны айтып,бiр-тiндеп алға жақындай бередi.Отыз жыл бойы ораза ұстаған кiсi басында мән бермей тұрғанмен,бiр кезде шыдамы таусылып:

- Әй, бауырым, егер ораза тұтқанға жол беру керек болса,отыз жыл бойы ораза тұтқан мен бiрiншi алуым керек емес пе?

Сен неге бiр күн тұттым деп, елдi қырып кете жаздап тұрсың?! - деп ашуланыпты.

Сонда әлгi кiсi қарқылдап күлiп жiберiп:

- Саған отыз жыл бойы сөзiм өтпеп едi. Ендi мiне, оразаңды мiндет қылып, бар сауабыңнан айырылдың.

Маған да керегi осы едi, - деп көзден ғайып болыпты Шайтан.

Осы оқиғада айтылғандай, ораза ұстаған жан қанша жыл ауызын бекітсе де, қалай бекітсе де, оны басқаларға міндет санамауы керек. Себебі, Рамазан айының оразасының сауабы тек өзіңізге, ал оның мол сауабын Алла Тағала Өзі беретінін ұмытпаңыз! Өзгелерге «мен оразамын» деп жариялай отыра рия жасап жатқанымызды, сол арқылы сауабымыздан құр қалып жатқанымызды естен шығармаған жөн.

 

ummet.kz

Бөлісу: