23
Сенбі,
Қараша

һижри

Ораза күнтізбесі қашан пайда болған?

Ораза күнтізбесі қашан пайда болған?

Ораза

Ислам тарихында Рамазан айының шығу тарихы туралы көптеген қызықты ақпарат бар. Соның бірі – Рамазан күнтізбесінің бізге қалай жеткендігі туралы мынадай тың мәліметке көз жүгіртейік. 

Баршамызға белгілі, жыл сайын қолданып келе жатқан Рамазан күнтізбесінің тарихы былайша өріледі. Ең алғаш сәре уақыттары жазылған күнтізбені Мұхаммад Али паша шығарған дейді. Ол бұл күнтізбені хижри 1262 жылы таратқан. Көпшіліктің айтуы бойынша, осылайша Мұхаммед Али паша халықтың ілтипатына бөленгісі келген. Ол шыныменде халқытың разылығына бөленді деп айта аламыз. Себебі бұл күнтізбе қазірге дейін қолданысқа ие.

Ал, ауызашардың уақытын хабарлайтын пушка Фатима деп аталады және ол Египеттегі ең көне пушка. 140 жыл бұрын әскерилер бір пушканы тазалап жатқанда, одан бір снаряд атылып кетеді. Және сол снарядтың атылуы ауызашардың уақытына сәйкес келіп, адамдар оны ауызашар уақытының белгісі деп ойлап қалған. Одан кейін бұл пушканы осы мақсатта қолданатын болған.

Сондай-ақ, ең алғашқы сәреге оятушы Анбас ибн Исхақ. Ол хижраның 228 жылы Фустат қаласынан Амр ибн аль Астың мешітіне бағытталып бара жатып, жолай адамдарды сәреге оятып кеткен. Бұл дәстүрге 1208 жыл болған. Кейінірек египеттіктер барабанмен оятатын болған. 

Жоғарыда келтірілген оқиғалардан мұсылман қауымы Рамазан айына ежелден-ақ ден қойып, мол сауап жинауға талпынғанын көреміз. Иә, Рамазан айы шынайы мұсылманның сауап жинайтын, күнәлардан тазаратын ең ардақты мерекесі.

ummet.kz

Бөлісу: