23
Сенбі,
Қараша

һижри

Ораза ұстадың ба, ұстамадың ба?

Ораза ұстадың ба, ұстамадың ба?

Ораза

Қасиетті Рамазан айы келгелі айналамыздан Алланың разылығы үшін ауыз бекітіп, ораза ұстаған кісілерді көптеп кездестіреміз. Жақындарымыздың «мен биыл ораза ұстадым» деп айтатынын да жиі естіп жүрміз.

Ал шын мәнісінде,  «мен ораза ұстадым» деп көпшілікке жариялау дұрыс па?

Тақуа кісілердің бірі Сануси өзін сәт сайын Алла тағаланың бақылап тұрғанын сезінгенде жанын қоярға жер таппай кететін. Өйткені Жаратушы иеден қатты қорқатын. Күнара ораза ұстайтын. Қолындағысын қанағат тұтатын, өзі бермесе, ешкімнен көз сүзіп ештеңе сұрамайтын. Ораза ұстаған кей күндері: - Аузың берік пе? деп сұрағандарға: - Шынымды айтсам, ораза ұстадым дей алмаймын, ұстамадым да дей алмаймын, - деп күмілжи жауап беретін. Ораза ұстағандықтан «ұстамадым» дей алмайтын. Алайда менікі қабыл болатын кәміл оразаға жата ма, жатпай ма деген іштегі күдікпен «ұстадым» деуге де аузы бармайтын.

Оның рухани тереңдігін білмейтіндер: -Өзіңнің ауыз бекітіп, бекітпегеніңді білмейсің бе? - дегенде ләм-мим деп жауап берместен ол жай ғана күлімсіреп қоятын...

ummet.kz

Бөлісу: